20 жастағы Милан Ковачев «Каспийге» ауысуы мүмкін
Сербиялық 20 жастағы футболшы Милан Ковачев ақтаулық «Каспийдің» қатарына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
ASnews.kz ақпаратынша, ол негізінен вингер позициясында ойнайды, сондай-ақ орталық жартылай қорғауда да өнер көрсете алады. Қазір балқандық ойыншы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Каспийдің» қаралымынан өтіп жатыр.
Ковачев футболдағы жолын «Войводина» клубында бастаған. Кейін Кипрдің бірнеше командасында ойнады. Атап айтқанда, «Красава», «Арис» және «АПЕА Акротири» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар Сербияның 17, 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, «Каспий» өткен маусымда Бірінші лигада чемпион атанып, Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или