Ақтаулық клуб Еуропада ойнаған футболшыны қатарына қосты

Ақтаулық клуб Еуропада ойнаған футболшыны қатарына қосты

Қазақстан Премьер-лигасының жаңадан қосылған командасы «Каспий» бразилиялық шабуылшы Густаво Франчамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы футболшы бұған дейін Еуропада өнер көрсеткен. Оның соңғы ресми матчы 12 желтоқсанда Болгария кубогының 1/8 финалында «Черно море» сапында өткен. Жалпы болгар клубының құрамында чемпионатта 12 ойын өткізіп, бір гол соққан.

Бұған дейін «Каспий» 22 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Лука Божичковичті қаралымнан өткізгені айтылған еді. Алайда ол бапкерлер штабының сеніміне кіре алмай, өз еліне қайтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или