Бірқатар футболшы әлі ресми тіркелмеген

Бірқатар футболшы әлі ресми тіркелмеген

Елордадағы «Астана» жаңа маусым алдында құжаттық мәселеге байланысты күрделі жағдайда қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

AmanVIBE мәліметіне сәйкес, команда сапында жаттығып, жолдастық кездесулерге қатысып жүрген бірнеше футболшымен келісімшарт әлі ресми рәсімделмеген. Әңгіме Мухамеджан Сейсен, Алибек Касым, Динмухаммед Караман, Дмитрий Шомко және Бауыржан Исламхан туралы болып отыр.

«Астана» қаржыландыруды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы алатындықтан, әр келісімшарт қор тарапынан қосымша келісуден өтуі тиіс. Қазіргі таңда тиісті мақұлдау берілмеген, сондықтан аталған ойыншылар командамен бірге жаттығып жүргенімен, ресми түрде тіркелмеген.

Клуб басшылығы бұл мәселе жақын күндері шешіледі деп үміттеніп отыр. Дегенмен, футболшыларды чемпионат басталғанға дейін тіркеп үлгере ме деген сұрақ әзірге ашық күйінде қалып отыр. Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» екінші орын алып, чемпиондық бәсекеде алматылық «Кайратқа» жол берген еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или