Олимпиададағы алтын жүлдеден кейін Шайдоров ISU рейтингінде 4961 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Тізім басында Олимпиададағы сәтсіз өнеріне қарамастан америкалық Илья Малинин тұр — 5410 ұпай. Екінші орында жапониялық Юма Кагияма орналасқан, оның еншісінде 5096 ұпай бар.
Еске салайық, Олимпиада-2026-да қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров бесінші орында болған еді. Алайда еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, қорытындысында алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлде Юма Кагиямаға бұйырса, қола медальді жапониялық Сюн Сато иеленді.