Футболшының айтуынша, матчтан кейін туннельде француз шабуылшысынан жейдесін сұраған. «Мбаппеге жейдесін сұрадым, ол бірден келісім берді. Өз жейдесін берді. Мен де “Саған менікі керек пе?” деп сұрадым. Ол “Әрине” деп жауап берді», – деді Мартынович Matchtv.ru-ға берген сұхбатында.
38 жастағы беларус қорғаушысы 2024 жылдан бері «Қайрат» сапында ойнап жүр. Бұған дейін ол «Краснодар» мен қазандық «Рубин» клубтарының намысын қорғаған.
Кенжебек «Ахмат» сапында өзбекстандық команданың қақпасына гол соқты