Хамитов октагонға жеңіспен оралды – бразилиялық қарсыласын тізе бүктірді

Хамитов октагонға жеңіспен оралды – бразилиялық қарсыласын тізе бүктірді

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов кәсіби октагонға сәтті қайта оралып, жеңіске жеттіғ деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Грузиядағы турнирде ол бразилиялық қарсыласы Алан Силваны сенімді түрде үш раунд бойы жеңіп, жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте үстемдік етті.

Кездесу өте шиеленісті әрі тактикалық тұрғыдан бай өтті. Екі спортшы да сақ қимылдап, ақырғы нәтижеде төрешілер бір ауыздан қазақстандық файтердің үстемдігін мойындап, оның жекпе-жекті бақылауда ұстауы мен қашықтықта нақты жұмыс жасағанын ерекше атап өтті.

Бұл жеңіс Хамитовтың кәсіби мансабындағы 28-ші болып тіркелді. Енді оның рекорды: 28 жеңіс, 8 жеңіліс және 2 тең ойын. Қуат үшін бұл былтырғы қазан айынан бергі алғашқы ММА ережесіндегі айқас, сол кезде де ол ресейлік Анатолий Бойконы төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіс тойлаған еді.

Ал Алан Силва үшін Хамитовтан жеңілу кәсіби мансабындағы 12-ші жеңіліс болды. Желтоқсанда өткен алдыңғы жекпе-жегінде ол отандасы Моасир Рошаны екінші раундта ауырту әдісімен мерзімінен бұрын жеңіп шыққан болатын.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или