Кенжебек «Ахматтың» жеңісіне үлес қосты
Грозныйдың «Ахмат» командасы Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны аясында Өзбекстанның AGMK командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 3-2 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.
Қазақcтандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапында гол соқты.
Кенжебектің жерлесі және командаласы, шабуылшы Максим Самородов екінші таймда алаңға шықты.
Грозный командасын Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или