Олимпиада-2026: шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Ольга Тихонова өнер көрсетті.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1:31.771 уақыт көрсеткішін тіркеп, өз тобында төртінші орынға тұрақтады. Осылайша ол ширек финалға өте алмады.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или