«Жетісу» жолдастық матчта жеңіске жетті
Талдықорғанның «Жетісу» командасы алдағы маусымға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде «Жетісу» грузиялық «Мешахте Ткибули» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Ойын 4-2 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.
Еске сала кетейік, «Жетісу» өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 12-ші орын алып, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или