«Елімай» колумбиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды
Семейлік «Елімай» 28 жастағы колумбиялық шабуылшы Дубан Фелипе Паласио Москерамен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойыншы 1997 жылы 16 наурызда Колумбияның Эль-Багре қаласында дүниеге келген. Оның бойы 179 см.
Паласио кәсіби мансабын 2016 жылы колумбиялық «Жагуарес де Кордоба» клубында бастаған.
Шабуылшының соңғы клубы боливиялық «Насиональ Потоси» клубы болды, өткен маусымда 36 ресми матч өткізіп, жеті гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или