Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында сегізінші орын алды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады.
Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтады. Ал Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Домен Превц (Словения) Олимпиада чемпионы атанды - 301,8 ұпай. Жапониялық Рэн Никайдо (295,0 ұпай) күміс жүлдегер атанса, Польша өкілі Кацпер Томащак үздік үштікті түйіндеді - 291,2.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или