Роттердам турнирі: Бублик жартылай финалда сүрінді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-шы орында) Нидерландының Роттердам қаласында өткен ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Бублик канадалық Феликс Оже-Алиассимемен (6-шы орында) кездесіп, 1-6, 2-6 есебімен жеңіліске ұшырады. Матч 54 минутқа созылды.
Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жүлде қоры 2 462 660 еуроны құрайды. Жеңімпаз 460 555 еуро және 500 рейтингтік ұпай жинайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или