Италия А сериясы: «Интер» өз алаңында жеңіске жетті
Италия чемпионатының 25-ші турында «Интер» мен «Ювентус» арасындағы кездесудегі төрешінің әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Милан қаласында өткен матч алаң иелерінің пайдасына 3-2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Матчтың маңызды сәті 42-минутта тіркелді. Туриндік команданың орталық қорғаушысы Пьер Калулу алаңнан қуылды. Сары қағазға татымайтын фолға төреші екінші сары қағаз көрсетіп, футболшыны алаңнан қуды. Бұл сәтте матчтағы есеп 1:1 еді.
Екінші таймда «Интер» футболшы артықшылығын пайдаланды: шабуылшы Франческо Эспозито 76-минутта алаң иелерінің екінші голын соқты. 10 адаммен ойнағанына қарамастан, «Ювентус» 83-минутта Мануэль Локателлидің голымен есепті теңестіре алды. Дегенмен, жартылай қорғаушы Петр Зелински 90-минутта «Интердің» жеңісті голын соғып кетті.
25 ойыннан кейін «Интер» 61 ұпаймен А сериясының турнир кестесінде көш бастап тұр. «Ювентус» 46 ұпаймен Италия чемпионатында бесінші орында.