Мартинес: Роналду әлі де жоғары деңгейде ойнай алады

Мартинес: Роналду әлі де жоғары деңгейде ойнай алады

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес команда капитаны Криштиану Роналдудың футболдағы ұзақ ғұмыры туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, статистика мен физикалық көрсеткіштер Роналдудың әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетуге қабілетті екенін дәлелдейді.

«Бізде нақты деректер бар. Егер оның физикалық жағдайы төмендеп жатыр деп талдайтын болсақ, ондайды көрмейміз. Керісінше, көрсеткіштері оның әлі де ұзақ уақыт ойнай алатынын айғақтайды», – деді Мартинес BBC-ге берген сұхбатында.

Сонымен қатар бапкер Роналдудың мансабын аяқтау мәселесі тек оның өз шешіміне байланысты екенін айтты. «Меніңше, бәрі оның қашан дұрыс уақыт келді деп сезінетініне тіреледі. Ол өзіне өте талапшыл ойыншы. Егер командаға көмектесе алмайтынын байқаса, карьерасын қашан аяқтау керегін өзі шешеді», – деп түйіндеді маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или