«Аят» өз алаңында «Жетісуды» ірі есеппен ұтты

«Аят» өз алаңында «Жетісуды» ірі есеппен ұтты

Қазақстан футзал чемпионатының 23-туры аясында рудныйлық «Аят» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу тартысты әрі нәтижелі өтті. Алтыншы минутта Джефферсон Дос Сантос есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда қонақтар тез ес жиып, әуелі Ерназар Бекбосынов таразы басын теңестірді, артынан Эрик Рахман «Жетісуды» алға шығарды.

Рудныйлықтар жауапты көп күттірген жоқ. Антон Рындин есепті теңестіріп, кейін Дос Сантос «Аятты» қайтадан алға шығарды. Заур Гайдаржи есеп айырмасын ұлғайтты. 25-минутта Жанасыл Алмасұлы «Жетісу» сапынан бір гол соғып, айырманы қысқартқанымен, камбэк жасауға мүмкіндік болмады.

Қалған уақытта ойын толықтай алаң иелерінің бақылауында өтті. Джефферсон бұл матчта покер авторы атанды. Сондай-ақ Ерсұлтан Сағындықов, Азат Валиулин және Андрей Графский бір-бір голдан соқты. Қорытынды есеп — 9:3, «Аяттың» айқын жеңісі.

Осы нәтижеден кейін «Аят» турнир кестесінде 45 ұпайға жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или