Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із кесу жарысының ширек финалы өтті.

Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.

Спортшыларымыз алғашқы жұпта жарыс жолына шықты. Алайда қашықтық барысында құлап, мәреге жете алмады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтап, 7–8-орындар үшін Қытай құрамасымен финал D кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалға үздік төрт құрама өтті. Канада, Жапония, Нидерланд және АҚШ құрамалары жүлдеге таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или