Есепті айып добынан кейін Кайо Торрес ашты. Тоғызыншы минутта қонақтар таразы басын теңестірді: қақпашы дәл пас беріп, Нуржан Ерланулы допты өкшемен қақпаға бағыттады. 13-минутта «Астана» тағы бір стандарттан кейін алға шықты. Алайда екі минут өтпей жатып «Семей» есепті теңестірді – қонақтар өз қақпасына гол соғып алды. Көп ұзамай Диас Усеинов мергендік танытып, елордалықтар қайтадан басымдыққа ие болды.
Екінші таймда «Семей» ойынды өз қолына алды. Кандидо есепті теңестірсе, артынша Нурсултан Пиялы командасын алға шығарды. Кездесудің соңында Чингиз Есенаманов пен дубль авторы Кандидо басымдықты арттырып, матч нүктесін қойды – 6:3.
Осы жеңістен кейін «Семей» 61 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Астана» 20 ұпаймен оныншы орында келеді.
Қазақстан құрамасының ойыншысы команда ауыстырды
Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр