Финалда қазақстандық-сербиялық дуэт Қытай Тайбэйінің өкілі Се Шувэй мен латвиялық Елена Остапенкоға қарсы ойнады. Кездесу аса тартысты өтті. Алғашқы сет 0:6 есебімен кеткенімен, кейінгі партияда тай-брейкте 7:3 есебімен басым түсті. Шешуші чемпиондық тай-брейкте Данилина мен Крунич 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жетістік Анна Данилина үшін WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы 12-титул болды. Осы жеңістің арқасында ол әлемдік рейтингте жетінші орынға көтеріледі. Бұл — теннисшінің мансабындағы жаңа жеке рекорды.