Қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен бірге Дохадағы турнирде жұптық сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар тайвандық Се Шувэй мен латвиялық Елена Остапенко жұбын 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңіп, титулді жүлып әкетті. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Жеңіске жеткен командалар 195 000 доллар және 1000 WTA рейтингілік ұпай алды. Финалистер 110 010 доллар және 650 ұпай еншілейді. 

Айта кетелік, Данилина қазіргі таңда Қазақстанның жұптық сында бірінші ракеткасы әрі WTA рейтингінде 10-шы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или