Олимпиада-2026: 18 жасар қазақстандық шаңғышы жеңіліс тапты

Олимпиада-2026: 18 жасар қазақстандық шаңғышы жеңіліс тапты

Қазақстандық тау шаңғышы Ростислав Хохлов Олимпиада-2026 ойындарында гиганттық слалом жарысын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 жастағы спортшы 1 минут 26,38 секунд көрсетсе, екінші кезеңде 1 минут 20,98 секундқа жетті. Нәтижесінде ол 51-ші орын алып, көшбасшымен салыстырғанда 22,36 секундқа артта қалды.

Ал алтын медальді бразилиялық Лукас Пиньейро Бротен жеңіп алды. Екі жолдың қосындысы бойынша уақыты 2 минут 25,00 секунд болды. Күміс жүлдені швейцариялық Марко Одерматт (+0,58), ал қола медальді тағы бір швейцариялық Лоик Мейар (+1,17) иеленді.

Айта кетелік, Олимпиада да Қазақстан атынан барлығы 36 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Олар 10 спорт түрінен жарысқа түселі. Төрткүл дүние көз тіккен дода 22 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или