Элизабет Тұрсынбаева: «Бұл ғажайып емес. Бұл қобалжуды жеңу!»

Элизабет Тұрсынбаева: «Бұл ғажайып емес. Бұл қобалжуды жеңу!»

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Турсынбаева өз отандасы Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турсынбаева әлеужелі парақшасында былай деп жазды:

«Бұл ғажайып емес. Бұл қобалжуды жеңе білу және үлкен еңбекті ең маңызды сәтте нәтижеге айналдыру өнері! Лайықты жеңіс!» деді ол.

Еркін бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров 198,64 ұпай жинады. Ал екі бағдарламаның қосындысы бойынша 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға турнир кестесінде үлкен секіріс жасауға мүмкіндік беріп, сенсациялық түрде Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуға жол ашты.

Айта кетелік, қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров тек бесінші орында тұрған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или