Шайдоровтың қарсыласы Малинин: «Ол ең жақсы нәтиже көрсете алмады»
Екі дүркін әлем чемпионы, америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісіне өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Малининнің айтуынша, ол Шайдоровты жеке жолығып, күтіп алып құттықтаған. Оның осы маусымда жақсы нәтиже көрсете алмағанын, әйткенмен басты сында жеңіске жеткені үшін қуанышты екенін жеткізді.
«Ол осы жылы ең жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады, бірақ оның өнерін бақылап тұрдым және іштей мақтандым. Біз бәріміз осы спортта ұдайы көрісеміз және бір-бірімізді қолдаймыз. Сол үшін де мәнерлеп сырғанау құнды спорт» деді Малинин еркін бағдарламадан кейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или