Ресей Шайдоров жеңісі туралы - Бір аптада екі бағдарлама орындау мүмкін емес

Ресей Шайдоров жеңісі туралы - Бір аптада екі бағдарлама орындау мүмкін емес

Белгілі ресейлік және кеңестік мәнерлеп сырғанау жаттықтырушысы Татьяна Тарасова Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісіне және алтынға үміткер болған Илья Малининнің жарыстағы сәтсіздігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Тарасованың сөзіне сүйенсек, Малининнің мезгілсіз құлап, жеңіліс табуы бар күшін топтық сынға салғанына байланысты болды.

«Бір аптада екі бағдарлама орындау мүмкін емес. Сол себепті Малинин құлап қалды. Өзін толық ұстай алмады. Мұндай бағдарламаны жарыстың басында емес, кейін орындаған дұрыс. Топтық сын өте маңызды іс, сондықтан ол барын салуы керек болды» деді Тарасова Okko эфирінде.

Айта кетелік, сенсациялық жеңісті 21 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров еншіледі. Бұған дейін Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудағы ең жақсы нәтижені 2014 жылы Денис Тен қола алқамен тіркеген болатын. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или