Олимпиада-2026: Қазақстан шаңғыдан Аустралияға жол берді

Олимпиада-2026: Қазақстан шаңғыдан Аустралияға жол берді

Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында 4×7,5 км эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко өнер көрсетті.

Үшінші айналымда Надежда Степашкинаның жүгірісінде Қазақстан құрамасы жарыстан шығып қалды, себебі көш басындағылардан  бір айналымнан көп артта қалды. Соның нәтижесінде соңғы кезеңде Дарья Ряжко жарыс жолына шықпады. Бұл жарыста Қазақстаннан жоғары нәтиже көрсеткен Аустралия тобы болды.

Еске сала кетелік, Олимпиада да  Қазақстан атынан барлығы 36 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Жарыс 22 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или