Олимпиада-2026: Медальға бір қадам қалғанда жүлдеден қағылды

Олимпиада-2026: Медальға бір қадам қалғанда жүлдеден қағылды

Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында параллель могулдың ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финал жолдамасы үшін ол әлем чемпионы, америкалық Джелин Кауфпен бақ сынаған еді. Алғашқы трамплиннен кейін Городко жерге дәл түсу кезінде қателік жіберіп, құлап қалды да, жарыс жолынан шығып кетті.

Айта кетелік, бұған дейін параллель могулда тағы екі қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Атап айтқанда, Әмренова финалда тоқтаса, Юлия Галышева 1/8 финалдан әрі аса алмаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или