Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы фристайлдан жүлде алуға жақын

Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы фристайлдан жүлде алуға жақын

Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко параллель могул бағдарламасында екінші мәрте жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

1/8 финалда оның қарсыласы франциялық Камилла Каброль болды. Нәтижесінде Городко айқын басымдықпен жеңіске жетті. Төрешілер есебі 22:13 болып тіркелді. Осылайша, қазақстандық спортшы ширек финалға жолдама алып, жүлде үшін күресін жалғастырады. Ал Каброль жарысты аяқтады.

Айта кетелік, 1/16 финалда Анастасия Городко қытайлық Ян Яны 26:9 есебімен сенімді түрде жеңген еді. Сондай-ақ осы кезеңде Юлия Галышева да сәтті өнер көрсетті. Ал Аяулым Әмренова келесі кезеңге өте алмады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или