Генадий Головкин Михаил Шайдоровты тарихи жеңісімен құттықтады
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
ҰОК басшысы бұл алтын медальдің бүкіл қазақ спорты үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, оның артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, табандылық пен үздік болуға деген ұмтылыстың жатқанын айтты.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан және жеке өз атымнан Михаил Шайдоровты мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жеңіс - қазақ мәнерлеп сырғанауының және жалпы отандық спорттың тарихындағы айтулы оқиға. Араға 32 жыл салып, Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің әнұраны қайта шырқалып, көк байрағымыз көкте желбіреді. Бүкіл Қазақстан сізбен бірге мақтанып, осы қуанышты сәтті бөлісіп отыр. Бұл жеңіс арқылы есіміңіз әлемдік спорт шежіресіне алтын әріппен жазылды.
Италиядағы олимпиадалық мұз айдынында сіз жоғары деңгейдегі шеберлік пен рухтың беріктігін көрсете білдіңіз. Жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлап, мақсатқа адал еңбек пен тәртіп, сондай-ақ, команда қолдауы арқылы жетуге болатынын дәлелдедіңіз. Бұл табыс жас спортшыларға үлгі болып, ел спорты тарихындағы маңызды белеске айналды.
Сізге зор денсаулық, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін", - деді Қазақстан ҰОК президенті.
Олимпиада-2026: Қазақстан алтыншы күні қандай нәтиже көрсетті?
Олимпиада-2026: 17 жасар спортшы қатты құлағанына қарамастан алтын алды