Александр Шевченко Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Александр Шевченко Франциядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 84-орын) По қаласында (Франция) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Шевченко неміс Хенри Сквиремен (282-орын) кездесті. Ол фаворит деп саналды, бірақ соңында үш сетте 7:6 (7:5), 6:7 (6:8), 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Александр турнирдегі өнерін аяқтады, ал қарсыласы жартылай финалға шықты, онда ол франциялық теннисші Бенджамен Бонзимен (131-орын) кездеседі.

По қаласындағы турнирдің жүлде қоры 203 900 еуро. Жеңімпаз 30 460 еуро және 125 рейтингтік ұпай жинайды.

Қазақстандық теннисші өзін дәлелдеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или