Олимпиады-2026: Михаил Шайдоров алтын медаль алды
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін рейтингте 5-орында тұрған, ал бүгін өткен еркін бағдарламада рекордтық ұпай жинады.
Димаш Құдайбергеннің «Confessa, the Diva Dance» әнінің әуенімен өнер көрсеткен жерлесіміз еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинады. Қос бағдарламаны қоса есептегенде ұпай саны 291,58-ге жетті. Жарыс барысында Михаил Шайдоров 5 мәрте төрттік секіру элементін сәтті орындап, көрерменді өнеріне тәнтті етті.
Олимпиада, мәнерлеп сырғанау, ерлер арасындағы бәсеке
Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 291.58 ұпай,
Юма Кагияма (Жапония) — 280.06 ұпай,
Шун Сато (Жапония) — 274.90 ұпай.
Осылайша, Қазақстан құрамасы араға 32 жыл салып, қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль алып отыр. Бұған дейін мұндай биік белесті сонау 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов бағындырған болатын.
Айта кетейік, 2014 жылы Сочи Олимпиадасында тағы бір даңқты мәнерлеп сырғанаушы, жерлесіміз Денис Тен қола жүлде алған болатын.