«Ақтөбенің» ықтимал жаңа ойыншысы клубтың қызығушылығына пікір білдірді

«Ақтөбенің» ықтимал жаңа ойыншысы клубтың қызығушылығына пікір білдірді

БАҚ-та «Ақтөбе» даниялық орталық қорғаушы Якоб Кийлеричпен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алайда 25 жастағы футболшы Sports.kz сайтына берген пікірінде, ақтөбелік клубпен келіссөздер туралы ештеңе білмейтінін айтты.

— «Ақтөбенің» қызығушылығы туралы не білесіз? Келіссөздер жүріп жатыр ма?

— Бұл жөнінде ештеңе естіген жоқпын. Бірақ осы клубты бұрын көргенмін.

Якоб Кийлерич кәсіби мансабын Норвегияда бастап, кейін «Хорсенс», «Кольдинг» және «Орхус» командаларында өнер көрсетті. Ол кәсіби деңгейде 240 матч өткізіп, 12 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt мәліметінше, қорғаушының нарықтық құны 700 мың еуроны құрайды.


«Қайрат» он футболшымен РПЛ клубын жеңді

«Астана» қытайлық клубқа қарсы матч өткізді

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или