«Астана» жолдастық матчта қытайлық командамен тең түсті

«Астана» жолдастық матчта қытайлық командамен тең түсті

«Астана» БАӘ-нің Дубай қаласындағы оқу-жаттығу жиыны аясында тағы бір жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеті дүркін Қазақстан чемпиондары Қытайдың «Чжэцзян Профешенл» командасымен кездесті. 

Матч 2-2 есебімен тең аяқталды. Елордалық команда қатарынан Назми Грипши мен Дінмұхаммед Караман соқты.

Бұл кездесу «Астананың» БАӘ-нің Дубай қаласындағы оқу-жаттығу жиынындағы төртінші ойыны болды. 16 ақпанда команда оқу-жаттығу жиынындағы соңғы ойынын Самарқандтың «Динамосына» қарсы өткізеді.


Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или