Азамат Тұяқбаев пен «Қайрат» келісімшарт мерзімін ұзартты

Азамат Тұяқбаев пен «Қайрат» келісімшарт мерзімін ұзартты

Қазақстандық шабуылшы Азамат Тұяқбаев «Қайратта» қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 жастағы қазақстандық футболшы алматылық клубпен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.

Тұяқбаев өткен жылы «Қайраттың» негізгі құрамында дебют жасады. Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Жетісудың» қақпасына гол соғып, командасының 5:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Сондай-ақ тараздық футболшы бірінші лигада 19 матч өткізіп, 11 гол соққан.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или