Олимпиада 2026: Шаңғышылар кезекті сайысын аяқтады
Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан еркін стиль бойынша 10 шақырымдық қашықтықта ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан ең үздік көрсеткішті Әмірғали Мұратбеков тіркеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сайыс барысында Йоханнес Клебо тағы да мықтылығын дәлелдеп, Милан Олимпидасындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы (10 шақырым):
- 1. Йоханнес Клебо (Норвегия) - 20:36.2
- 2. Матис Делож (Франция) - 20:41.1
- 3. Эйнар Хедегарт (Норвегия) - 20:50.2
..... - 43-орын. Әмірғали Мұратбеков - 22:38.2
- 58-орын. Виталий Пухкало - 23:25.9
- 75-орын. Наиль Башмаков - 24:27.8
Енді шаңғы жарысынан ертең аруларымыз командалық бәсекеде өнер көрсетеді. Жалпы спорттың осы түрінен Миландағы Олимпиадада 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынады.
Айта кетейік, XXV қысқы олимпия ойындары 22 ақпанда мәресіне жетеді.
Олимпиада 2026: Жетінші күннің тікелей трансляциясы
ChatGPT: Шайдоров Олимпиада қоласын алуы мүмкін
Олимпиада-2026: Қазақстан алтыншы күні қандай нәтиже көрсетті?