Саламат Исбулаев PFL рейтингінде топ бестікке енді
Қазақстандық ММА файтері (10-0) америкалық Professional Fighters League (PFL) ұйымының жартылай жеңіл салмақ дивизионының рейтингіне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
7 ақпанда Дубайдағы PFL Dubai турнирінде Исбулаев бұрынғы чемпион, перулік Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс Саламатқа дивизион рейтингінде орын алуға мүмкіндік берді — ол бірден бесінші орынға көтерілді.
Жартылай жеңіл салмақ дивизионының топ-3 рейтингісінде Тимур Хизриев, Эй Джей Макки және Исбулаев жеңген Пинедо бар.

Айта кетейік, Хесус Пинедоға қарсы жекпе-жек Саламат Исбулаев үшін PFL-дегі дебют болды. Бұған дейін ол Қазақстандағы Alash Pride және Қытайдағы JCK Kings лигаларында өнер көрсеткен.
Шавкат Рахмонов жұбайының ісі сотта қаралады
Өзбекстандық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Видео
Қазақстандық файтер OCTAGON турнирінде қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді