Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында топ жарды
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыс барысында 623.4 ұпай жинады.
50 м, жатып нысана көздеуден жүлдегерлер:
- 1. Елизавета Безрукова (Қазақстан)
- 2. Сифт Каур Самра (Үндістан)
- 3. Тежасвани Савант (Үндістан)
Осы бағдарламаның командалық есебінде Қазақстан құрамасы (Елизавета Безрукова, Арина Малиновская, Софья Шульженко) күміс жүлдегер атанды.
Командалық нәтиже:
- 1. Үндістан (1862.9 балл)
- 2. Қазақстан (1862.8 балл)
Сонымен қатар жасөспірімдер санатындағы бұл дисциплинада Қазақстан үстемдік көрсетті. Отандасымыз Томирис Аманова алтыннан алқа тақты. Ал Дарья Пономаренко күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, осыған дейін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Ислам Сәтпаев 50 метрден жатып нысана көздеуде Делиде үздік нәтиже көрсетіп, командаға кезекті алтынды сыйлаған.
Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық семсерлесушілер алтыншы орын алды