Ақ Олимпиадада тіркелген тарихи сәттер мен сенсациялар
Италияның Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Италия төріндегі Ақ Олимпиаданың алғашқы күндерінен-ақ жарыстар жоғары деңгейде өтіп, бірқатар ерекше оқиғалар тіркелді.
Назарларыңызға тарихи сәттер мен сенсациялар легін ұсынамыз:
- 52 жастағы австриялық сноубордшы Клаудия Риглер параллель алып слаломда финалдық кезеңге дейін жетіп, Олимпиадаға бесінші рет қатысып отыр.
- Оның отандасы Бенжамин Карл 40 жасында Олимпиада тарихындағы жеке бағдарламада чемпион атанған ең жасы үлкен спортшы болды.
- Америкалық тау шаңғышысы Линдси Вонн жарыс кезінде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
- Чехиялық сноубордшы Зузана Мадерова рейтингте 15-орында бола тұра, параллель алып слаломда Олимпиада алтынын жеңіп алып, басты сенсация жасады.
- Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клэбо жеті дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Милан–Кортина Олимпиадасы жанкүйерлерге әлі талай тарихи сәт сыйламақ.
Олимпиада 2026: Жетінші күннің тікелей трансляциясы
ChatGPT: Шайдоров Олимпиада қоласын алуы мүмкін
Олимпиада-2026: Қазақстан алтыншы күні қандай нәтиже көрсетті?
Олимпиада-2026: 17 жасар спортшы қатты құлағанына қарамастан алтын алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или