Ұлттар лигасының ойын күнтізбесі анықталды: Қазақстан алғашқы екі матчын сырт алаңда өткізеді
Бельгия астанасы Брюссельде 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболдан Қазақстан құрамасы С лигасында 3 топқа түсті. Қарсыластарымыз – Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.
Айта кетейік, Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.
Қазақстан құрамасы турнирді қыркүйек айында сырт алаңда Фарер аралдарымен бастап, қарашада өз алаңымызда Словакияға қарсы ойынмен аяқтайды.
- 26.09.2026 | 21:00
Фарер аралдары – Қазақстан
- 29.09.2026 | 23:45
Словакия – Қазақстан
- 02.10.2026 | 19:00
Қазақстан – Молдова
- 06.10.2026 | 19:00
Қазақстан – Фарер аралдары
- 14.11.2026 | 00:45
Молдова – Қазақстан
- 16.11.2026 | 20:00
Қазақстан – Словакия
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или