Мария Бутырская: Ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға алтын алу қиынға соғады

Мария Бутырская: Ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға алтын алу қиынға соғады

Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Ресейдің тұңғыш әлем чемпионы Мария Бутырская 2026 жылғы Олимпиада қарсаңында ресейлік Аделия Петросянның мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның сөзіне сүйенсек, Олимпиадада жеңіске жету үшін тек қана жақсы формада болуы  жеткіліксіз. 

«Егер ол қысқа бағдарламада үштік аксельді, ал еркін бағдарламада төрттік секірулерді орындауға батылдық танытса, бәрі жақсы болып шығуы мүмкін. Ал бұл элементтерді орындамаса, жеңіске жету қиын болады. Бірдеңе істеп жеңіске жету керек» деді Бутырская.

Сарапшы сондай-ақ басты көзір бағдарламаларды қателіксіз орындау екенін атап өтті. Қысқа һәм еркін бағдарламаны да мінсіз орындаған әйел ғана Олимпиада чемпионы атанатынын алға тартты. 


Айта кетелік, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Миланда 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Әлем чемпионы: Ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға алтын алу қиынға соғады

Италия тарихи жеңіске жетті


Олимпиада: 41 жастағы қайта оралған спортшы жарақат алып отаға түсті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или