Италия крикеттен әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Италия крикеттен әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Италия құрамасы крикеттен T20 форматындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Мумбайдағы «Ванкхеде» стадионында өткен С тобының екінші турында «Скуадра адзурра» Непалды ірі есеппен ұтты — 124/0 (12.4) — 123 (19.3). Бұл Италияның әлем чемпионаты тарихындағы тұңғыш жеңісі болды.

Кездесу алдында Непал фаворит саналған. Гималай елінің құрамасы әлемдік рейтингте 16-орында тұрса, Италия 27-ші сатыда еді. Оның үстіне непалдықтар алғашқы турда Англияға ғана аз есеппен жол берген болатын.

Дегенмен матчта Италия мінсіз ойын көрсетті. Жеребе жеңіп, алдымен қорғанысты (боулинг) таңдаған италиялықтар қарсыласын 123 ұпаймен шектеді. 

Ал шабуылда Италия ешбір адам жоғалтпай, қажетті 124 ұпайды жинады. Команда бір доп лақтырғанда орта есеппен 9,79 балл алып отырды. Нәтижесінде Италия 10 викет айырмасымен айқын жеңіске жетті. Матчтың үздік ойыншысы атанған Кришан Калугамаге командасының табысына үлкен үлес қосты.

Италия С тобында Англия, Вест-Индия, Шотландия және Непал құрамаларымен бірге өнер көрсетуде. T20 бұл крикеттің ең жылдам форматы, әр командаға 20 овер (120 доп) беріледі, сондықтан матч шамамен үш сағатқа созылады.

Айта кетелік, крикеттен T20 форматындағы әлем чемпионаты 7 ақпан мен 8 наурыз аралығында Үндістан мен Шри-Ланкада өтіп жатыр. 

Әлем чемпионы: Ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға алтын алу қиынға соғады

Италия тарихи жеңіске жетті

Ресейлік қақпашы 148 миллионнан бас тартып, КПЛ клубын таңдады

Олимпиада: 41 жастағы қайта оралған спортшы жарақат алып отаға түсті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или