«Оренбург» «Қайратты» жеңе ме? Ресей болжам жасады
Ресейлік Vseprosport.ru алматылық «Қайрат» пен ресейлік «Оренбург» арасындағы жолдастық матчқа қатысты өз болжамын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сарапшылардың пікірінше, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жақсы қарқын көрсетіп жүрген «Оренбург» бұл кездесуде фаворит саналады. Команда қатарынан үш жеңіске жетіп, бабында екенін дәлелдеген.
Осыған байланысты басылым өкілдері «Оренбург» жолдастық ойында да жеңіс сериясын жалғастырады деген тұжырым жасады.
Айта кетелік, матч бүгін, 13 ақпанда, сағат 19:00-де (Қазақстан уақытымен) өтеді.
«Ақтөбе» өзбекстандықтарды жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или