Рыбакинаны жеңген теннисші: «Болашақта тағы кездесеміз!»
Канадалық Виктория Мбоко Дохадағы WTA-1000 турнирінің ширек финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина-ны 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас теннисші Рыбакинамен матч өткізу ол үшін аса құрмет екенін, болашақта тағы жүздесу боларын жеткізді.
«Бұл апта шынында тым керемет өтті. Мұндай нәтижені тіпті армандамағанмын. Әр күн, әр матчта құдды ғажап өмір кешіп жүргендей сезімде келем. Еленамен сынға түсу мүлде тамаша болды. Ол қазіргі кезде өзіне сенімді формада. Australian Open-2026 чемпионы. Мен үшін онымен тартысты матчты өткізу үлкен құрмет! Болашақта тағы кездесеміз!» деді ол әлеужелі парақшасында.
Айта кетелік, енді Мбоко жартылай финалда Латвия өкілі Елена Остапенкомен кездеседі.