Украиналық спортшы соғыс белгісі бар шлем үшін алаңнан қуылды

Украиналық спортшы соғыс белгісі бар шлем үшін алаңнан қуылды

Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич Олимпиада-2026 ойындарынан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қаза болған украин спортшыларын еске алатын «шлемді» тағып, соғыстан белгі бергені үшін Гераскевич Олимпиялық алаңнан қуылды. 

Украинада бұл шешім қатты сынға ұшырады. Ел президенті Гераскевичті «Украин халқына адал қызметі, азаматтық батылдығы және еркіндік пен демократиялық құндылықтарды қорғаудағы патриотизмі үшін» Еркіндік орденімен марапаттады. Сонымен қатар, аталмыш украин банкі спортшыға бір миллион гривен сыйақы ұсынды. 

Спортшы Ақ ойын басшыларының мұнысы шектен шығу екенін жеткізді.

«Кейде медальдан маңызды нәрселер болады. Бүгін мен сол нәрсені қорғадым! Біз ешқандай ережені бұзбадық және шлемді тағуға толық құқымыз болды.  Біз ғана емес оларда күні кеше мұндайды еркін түрде істеді» деп мәлім етті спортшы. 

Ол ХОК шешіміне наразылық білдіріп, Спорттық арбитраждық сотқа шағым түсіруді жоспарлап отыр. Украинаның Ұлттық Олимпиада комитеті Гераскевичті қолдап шықты.

Айта кетелік, президент соғыстың толық масштабты кезеңінде 600-ден астам украин спортшысы мен бапкер қаза тапқанын, жүздеген спортшы ешқашан Олимпиада мен халықаралық жарыстарға қатыса алмайтынын еске салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или