Бублик Роттердамда ширек финалға шықты

Бублик Роттердамда ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирінде жарқын нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ол 13 ақпанға қараған түні әлемдік рейтингте 82-орында тұрған неміс Ян-Леннард Штруфф-ты 7:6 (7:2), 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

The Tennis Letter әлеуметтік желісінде Бубликтің соңғы ойындары жоғары бағаланды:

«Бублик 2.0 — мүлдем жаңа деңгей. 2026 жылы 10 жеңіс, 2 жеңіліс» деп жазды парақша. 

Айта кетелік, Бублик ширек финалда қарсылас ретінде Испания өкілі Хауме Муньярмен кездеседі. Матч 14 ақпанға қараған түні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или