Тарихта тұңғыш рет: Сизерон екі түрлі жұппен Олимпиада чемпионы атанды

Тарихта тұңғыш рет: Сизерон екі түрлі жұппен Олимпиада чемпионы атанды

Франциялық Гийом Сизерон мәнерлеп сырғанау тарихындағы алмастырған екінші жұбымен Олимпиада алтынын алған тұңғыш спортшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

2022 жылы ол өзінің алғашқы серігі Габриэла Пападакисен бірге чемпион атанса, 2026 жылғы Италиядағы ойындарда жаңа серіктесі Лоранс Фурнье‑Бодримен бірге алтынға жетті. Бұлардың жұптасқанына бір-ақ жыл болды.

Сизерон 2022 жылғы Ақ ойыннан соң үзіліс алып, спортқа осы Олимпиада алдында ғана оралған болатын. Соған қарамастан франциялық Гийом екі дүркін чемпион атанып отыр.

Айта кетелік, 2018 жылы Пападакис пен Сизерон Олимпиада турнирінде күміс алқа алған болатын.


 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или