Олимпиада-2026: 17 жасар спортшы қатты құлағанына қарамастан алтын алды

Олимпиада-2026: 17 жасар спортшы қатты құлағанына қарамастан алтын алды

Оңтүстіккореялық Гаон Чой жарыс барысында қатты құлағанына қарамастан, Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Сноубордтың әйелдер арасындағы хафпайп бәсекесінің алғашқы мүмкіндігінде Чой трассаның қатты жиегіне соғылып, бірнеше метр биіктіктен баспен құлады. Дәрігерлер көмегіне жүгінген спортшы небәрі 10 ұпай алды. Екінші әрекеті де сәтсіз болды.

Алайда шешуші үшінші мүмкіндікте 17 жастағы кореялық спортшы бағдарламасын мінсіз орындап, 90,25 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиада алтынын сыйлады.

Күміс медальді америкалық Хлоя Ким (88,00) иеленсе, қола жапониялық Мицуки Оно-ға (85,00) бұйырды.

Айта кетелік, Чой осылайша сноуборд тарихындағы ең жас Олимпиада чемпионы атанып, рекорд жаңартып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или