Рыбакина канадалық теннисшіден жеңіліп қалды

Рыбакина канадалық теннисшіден жеңіліп қалды

19 жастағы канадалық теннисші Виктория Мбоко Дохада өткен WTA-1000 турнирінде нағыз сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Әлемдік рейтингте 13-орында тұрған спортшы бір жарыс аясында бірден екі үздік ойыншыны жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Турнирдің ширек финалында Мбоко әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина-ны 7:5, 4:6, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша Рыбакина беделді доданың жартылай финалына шыға алмады.

Бұған дейін канадалық теннисші үшінші айналымда әлемнің жетінші ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваны да жарыс жолынан шығарған еді. Екі сағатқа жуық созылған матч 6:3, 3:6, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.

Opta Ace дерегінше, 2001 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Доха турнирі тарихында Мбоко бір жарыста рейтингтің үздік ондығындағы екі ойыншыны жеңген тұңғыш жасөспірім теннисші атанды.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или