Өзбек шабандоздары әлемдік деңгейде танылуда

Өзбек шабандоздары әлемдік деңгейде танылуда

Өзбекстанның ат спорты федерациясының президенті Бахромжон Газиев Абу-Дабиде өткен CSI5* санатындағы халықаралық жарыста бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

CSI2* Al-Hail Square Cup жарысында, кедергілер биіктігі 130 сантиметрді құрады. Газиев өзіндік ерек техникасы мен дәлдігін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.

Жеңіс Өзбекстан командасы үшін үлкен триумф болып, халықаралық аренада ел спортшыларының дайындық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Айта кетелік, CSI5* жарыстары әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады, оған Германия, Италия, АҚШ, Греция, Бразилия және басқа елдерден 60-тан астам үздік шабандоз қатысады. Бұған дейін өзбек шабандозы Бекзод Курбонов CSI4* санатындағы халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или