Олимпиада: 41 жастағы қайта оралған спортшы жарақат алып отаға түсті

Олимпиада: 41 жастағы қайта оралған спортшы жарақат алып отаға түсті

Америкалық Линдси Вонн Олимпиада-2026 ойындарында аса жылдамдықпен құлап, тізесінен зақым алып тағы да үшінші мәрте отаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Оқиға 8 ақпанда жылдамдықпен төмен қарай сырғанау кезінде орын алды. Спортшы жалауды ұстап алып тепе-теңдігін жоғалтты да қатты құлап, тізесін ауыр зақымдады және басын жарақаттады. Воннді тікұшақпен эвакуациялауға байланысты жарыс 25 минутқа тоқтатылды.

41 жастағы шаңғышы әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Бүгін маған үшінші ота жасалды және ол сәтті өтті. Бүгінгі жетістік бірнеше күн бұрынғыдан мүлде басқа мәнге ие. Мен баяу болса да прогресс жасап жатырмын және бәрі жақсы болады деп білемін. Бар медициналық қызметкерлерге, достарыма, отбасым мен бүкіл әлемге көрсеткен махаббат, қолдаулары үшін рақмет» деп жазды ол. 

Айта кетелік, Вонн төрт рет Әлем Кубогын жеңіп алған және екі рет әлем чемпионы атанған. Оның Олимпиададан бір алтын және екі қола алқасы бар.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или