Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ертең әлемнің екінші ракеткасы атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Дохадағы (Қатар) WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің екінші ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швентек грекиялық Мария Саккариге (WTA рейтингісінде 52-орында) күтпеген жерден үш сетте 6:2, 4:6, 5:7 есебімен жеңілді.
Қазіргі таңда WTA рейтингісінде беларусьтық Арина Соболенко (10 990 ұпай) көш бастап келеді, екінші орында Швентек (7 978 ұпай), ал үшінші орында Рыбакина (7 523 ұпай) тұр. Егер Рыбакина финалға шығып жеңіске жетсе, ол 650 ұпай қосып, әлемдік рейтингте Швентекті басып озуы мүмкін.
Айта кетелік, қазір Дохадағы турнирде Рыбакина жартылай финалдағы бірінші сетін Канада теннисшісі Виктория Мбокомен ойнап жатыр.