Олимпиада-2026: Қазақстан алтыншы күні қандай нәтиже көрсетті?

Олимпиада-2026: Қазақстан алтыншы күні қандай нәтиже көрсетті?

12 ақпан күні Қазақстан спортшылары Милан мен Кортине-д’Ампеццо  қалаларында төрт спорт түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

ФРИСТАЙЛ МОГУЛ 

Фристайлдан Павел Колмаков могулдан финалдың бірінші кезеңінде 75,70 балл жинап, 16-орынды иеленді. Бұл нәтиже оған финалға шығуға мүмкіндік бермеді, онда тек ең үздік сегіз спортшы бақ сынады. 

ТАУ ШАҢҒЫСЫ 

Александра Скороходова 1 минут 31,22 секунд уақытпен 25-орынды алды. Барлығы жарысқа 43 спортшы қатысты, олардың 17-сі мәреге жете алмады.

ШАҢҒЫ

10 км қашықтыққа жеке стартпен Қазақстан атынан төрт спортшы шықты. Атап айтқанда, Надежда Степашкина, Анна Мельник, Дарья Ряжко және Ксения Шалыгина шықты. Үздік нәтиже көрсеткен Надежда Степашкина 63-орынды иеленді (көш бастаушыдан  айырмашылығы – 3 минут 53,4 секунд). Ксения Шалыгина – 71-орын (+4:30,6), Дарья Ряжко – 75-орын (+4:53,4), Анна Мельник – 81-орын (+5:39,5). Барлығы жарысқа 111 спортшы қатысты, олардың үшеуі финишке жете алмады.

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ  

Конькимен жүгіруден Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта 10-орынды иеленді, көш бастаушыдан айырмашылығы – 18,64 секунд. Барлығы осы қашықтықта 12 спортшы жарысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или